МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
Ключевые слова:
функционалдық сауаттылық, цифрлық құралда, математикалық модельдеу, оқу мотивациясы, PISA есептері, қашықтан оқыту, педагогикалық əдістерАннотация
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдана алу қабілетін қалыптастыру басты міндеттердің біріне айналып отыр. Бұл талап функционалдық сауаттылықты дамыту қажеттілігін арттырады. Әсіресе, қашықтан және цифрлық оқыту кең өріс алған заманда, білім беруде цифрлық құралдарды орынды әрі мақсатты қолдану мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің маңызды бөлігіне айналды. Сондықтан цифрлық технологиялардың оқыту мазмұнымен үйлесімді кіріктірілуі – білім берудің сапасын арттырудың өзекті шарты болып табылады. Бұл мақалада 7–8-сыныптарға арналған математика пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда цифрлық құралдарды тиімді қолдану жолдары қарастырылады. Зерттеу барысында GeoGebra, Desmos, Google Forms, Kahoot, Quizizz, LearningApps сияқты платформалардың оқу процесіне ықпалы сипатталып, олардың әрқайсысының оқушы дағдысын қалыптастырудағы рөлі талданды. Цифрлық технологиялардың оқушының логикалық ойлауын, ақпаратты талдауы мен шешім қабылдау қабілетін дамытудағы маңызы нақты мысалдар арқылы көрсетілді. Сонымен қатар, функционалдық тапсырмалардың үш негізгі түрі – PISA-форматты есептер, жағдаяттық тапсырмалар және қолданбалы есептер мазмұндық және әдістемелік тұрғыдан жіктеліп, оларды цифрлық форматта жүзеге асырудың тиімді тәсілдері ұсынылды. Мақалада отандық және халықаралық тәжірибелерді салыстыру негізінде педагогикалық ұсыныстар берілді.
References
1. Ермекова, А. Р. (2020). PISA тапсырмаларына негізделген математика есептері. Астана: Ұлағат.
2. Қабдықайырова, А. Ж. (2020). Функционалдық сауаттылықты дамытудағы есептердің рөлі. Білім берудегі инновациялар, 2(12), 45–52.
3. Қойгелдиев, А. (2022). Математика және өмір: Функционалдық есептер жинағы. Талдықорған: Мектеп.
4. Леонтьев, А. А. (2003). Основы психолингвистики. Москва: Смысл.
5. Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ. (2021). Цифрлық білім беру құралдары: Математика пәніне арналған әдістемелік нұсқаулық. Астана: НЗМ.
6. OECD. (2019). PISA 2018 results (Volume I): What students know and can do. OECD Publishing. https://doi.org/10.1787/5f07c754-en
7. Seitbekova, G. (2024). Methodological and theoretical foundations for assessing the functional literacy of students in mathematics. Scientific Herald of Uzhhorod University. Series Physics, (56), 1553–1561. https://doi.org/10.54919/physics/56.2024.155rg3
8. Сейтқазина, С. Ж. (2021). Қашықтан оқытудағы педагогикалық тәсілдер. Алматы: Білім.
9. Khramova, L., Lobanova, O., Shmulskaya, L., Firer, A., & Efits, O. (2022). Analysis of conceptual approaches to the definition of the concept of "functional literacy". Amazonia Investiga, 11(55), 297–305. https://doi.org/10.34069/AI/2022.55.07.31
10. Шумейко, Т. С., & Божевольная, Н. В. (2023). Методология разработки учебного пособия по развитию технического творчества с использованием дистанционных технологий. Вестник КазНПУ имени Абая. Серия: Педагогические науки, 79(3), 76-90. https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.79.3.008
11. Tondeur, J., van Braak, J., Ertmer, P. A., & Ottenbreit-Leftwich, A. T. (2017). Understanding the relationship between teachers’ pedagogical beliefs and technology use in education: A systematic review of qualitative evidence. Educational Technology Research and Development, 65(3), 555–575. https://doi.org/10.1007/s11423-016-9481-2
Downloads
Опубликован
How to Cite
Выпуск
Раздел
License
Copyright (c) 2025 Arailym Zaitzhanova, Bakhyt Sydykhov

This work is licensed under a Creative Commons Attribution 4.0 International License.